Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Түркістанда психологтар тәжірибе алмасты

2019 жылдың 26 қазан 2019 12:07

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда «Заманауи қоғамдағы психологиялық ғылым және практика: мәселелер, тәжірибе, болашақ» атты психологтардың аймақтық ғылыми конференциясы өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйытқы болған жиынға қала, аудандарындағы орта білім беру ордаларының және жастар ресурстық орталықтарының педагог-психологтары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинарға қатысқан облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Сайра Амантаева бұл басқосудың сала мамандарына тигізер пайдасы мол екенін атап өтті.




«Қазіргі таңда психологиялық сала мықты болуы тиіс. Өйткені, жастар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі мәселелер мен құқықбұзушылық және ерте жүктілік көбейюде. Осы тұрғыда аталмыш сала мамандарының рөлі өте маңызды. Олар жастардың дұрыс қалыптасуы мен келешекке қадам басуына сеп болмақ. Ел болашағы саналған жандардың психологиялық жағдайын басты назарда ұстауымыз керек», – деді Сайра Амантаева.




Семинар аясында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының сарапшысы Сейілбек Мырзабаев «XXI ғасыр білім, тұлға құндылық» тақырыбында лекция оқып, мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы бағдарламаларын жүргізді. Бұдан бөлек осы тақырып төңірегенде педагог - психологтардың ұсынысын тыңдап, мәселелерді шешу жолын талқыға салды. Өзара тәжірибе алмасты.




Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Қоғам,
Жоғары қарай