Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Қазақстанда 27 қазанда өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 26 қазан 2019 21:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 27 қазан күні өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Жекпе-жек» сарайында киберспорттан «World Electronic Sports Games 2019: Kazakhstan» чемпионатында Counter Strike: Global Offensive ойын түрі бойынша сынға түсетін Winstrike Team командасы мүшелерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де QazaqGeography алаңында «Ресей географиялық қоғамы» «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе «Географиялық диктан» өткізеді. Шара Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтпек. Оған кез келген адам қатыса алады.

19.00-де «Хан Шатыр» СОО-да бұл жылғы ең ауқымды экологиялық акция — «ECO PACK» өтеді.

Жоғары қарай