Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Атырау облысында 38 мыңнан астам адам АӘК алып отыр

2019 жылдың 26 қазан 2019 18:58

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 38 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмекті алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірде мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы 6 729 отбасы бар. Бұл отбасыларда 38 183 адам тұрып жатыр. Қазіргі таңда аталмыш мұқтаж үйелмендердің есепшотына 2 млрд 751 млн 300 мың теңге аударылған», - деп мәлім етті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметітк бағдарламалар басқармасы.

Еске сала кетейік, АӘК алатын еңбекке қабілетті жандар нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдауға ие болады. Бұл бағдарлама 2017-2021 жылдар аралығын қамтиды. Ол тұрақты және уақытша жұмысқа орналасып, еңбек нарығындағы тапшы мамандықтар бойынша қысқамерзімді курсты оқуға, бизнес-идеяңды іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға мүмкіндік береді.

Жоғары қарай