Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Қаламыздың қаржылық жағдайы өте қиын - Ақтөбе әкімі

2019 жылдың 26 қазан 2019 10:18

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласының әкімі қоғамдық кеңес және БАҚ өкілдерімен кездесіп, қала ішінде атқарылып жатқан істерді айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күнде қаламыздың қаржылық жағдайы өте қиын. Себебі атаулы әлеуметтік көмекті бұрын Ақтөбе қаласында 1 500 адам алса, қазір олардың саны 10 мыңға жетті. Яғни, 7-8 есе көп. Оған қаржы бөлінді. Аз қамтылған, көпбалалы отбасылар да бар. Тұрғын үй салу қажет. «Бәйтерек» холдингінен қаржы алып, үй салынды. Оны өтеу үшін облыстық бюджет қалалық бюджеттен 10 қазанға дейін ақша аударуға тапсырма берді. Соған 13,5 миллиард теңге ақшаны республикаға төледік. Бүгінгі күнде қаладағы арақ зауыты қызметін тоқтатып, қала бюджетіне 7-8 миллиард теңге түспей отыр. Сәйкесінше табыс азайған кезде кей салалардағы жұмысты уақытша тоқтатуға тура келді. Кейбірінен ақшаны кері қайтарып алып жатырмыз. Ол да оңай жұмыс емес. Жыл соңына дейін тек мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын төлей аламыз», - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

Шаһар басшысының айтуынша, жалақы қарызы болмайды. Қазіргі кезде келер жылдың жоспары жасалып жатыр.

«Қаладағы аялдаманы өзгерту кезінде бюджетке салмақ салмай, жеке кәсіпкерлердің көмегімен шығуға мәжбүр болып отырмыз. Алдағы уақытта жол, қала сәулеті бойынша жобалар көпшілікке ұсынылады. Сарапталып, талдау жасалады. Жыл аяғына дейін қаланың дамуы бойынша барлық ұсынысты қабылдаймыз. Келер жылдан бастап жұмыс атқарамыз. Ол жұмысты да қарап, қадағалау үшін қоғамдық бақылау керек болады. Әр сала, әр бағыт бойынша жұмыс тобы құрылады. Қала өзіміздікі. Қаланың әдемі көрікті болуы үшін тек әкімдік емес, қала тұрғаны атсалысуы тиіс. «Әкімдік қайда қарап отыр, неге жасамайды» деп айтатын болып кеттік. Сондықтан бюджеттен жағдайын ашық айтып отырмыз», - деді Мавр Абдуллин.

Жоғары қарай