Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Ішкі істер министрлігі қажетсіз жиналыстарды азайтты – Алексей Калайчиди

2019 жылдың 25 қазан 2019 19:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди қағазбастылықтан арылу үшін ведомствода атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар-ақпан айларында Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің ұсынысымен маңызды функционалдық талдау жүргіздік. Нәтижесінде біздің құрылымда есеп берудің, қажетсіз жиналыстардың тым көп екенін, сол үшін қызметкерлердің күнде 2-3 сағат жоғалтатын анықтадық. Оның салдарынан, азаматтарымыз дер кезінде сапалы қызмет алмайды, қажетті маманға жүгіне алмайды», - деп атап өтті вице-министр «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ведомстводағы есеп беру жұмыстары үш есеге қысқартылды.

«Ведомстволық есеп беруді 105-тен 35-ке дейін қысқарттық. Жиналыстар тек дүйсенбі күні ғана өтетін болды және оның ұзақтығы 1 сағаттан аспауы тиіс. Бұл қызметкерлерді бюрократиядан құтқарып, өз қарамағындағы қызметке толық кірісуіне мүмкіндік береді», - деді А. Калайчиди.

Бұған дейін А. Калайчиди Ішкі істер министрлігінде 1500-ге тарта басшылық лауазым штаты қысқартылғанын хабарлаған болатын.

Сонымен бірге, министрлік зейнетке шыққан полицейлер қызметтік баспананы өзіне қалдыруы үшін заңнамалық түзету әзірледі.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: ҚР ІІМ,
Жоғары қарай