Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Вице-министр: Жас полицейлердің табысы 300 мың теңгеге жетеді

2019 жылдың 25 қазан 2019 19:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди полиция қызметкерлерін баспанамен қамту жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірге полиция қызметкерлерінің 46% баспана өтемақысын алу құқығы берілді. Меніңше, бұл – едәуір үлкен жеңілдік. Қызметкер отбасындағы бір адам үшін 20-50 мың теңге аралығында өтемақы беріледі. Егер орта есеппен бір жанұяда 4 адам бар деп есептесек, 80-160 мың теңге аралығында төленеді. Оған 150 мың теңге жалақыны қосыңыз. Яғни, өз қызметін жаңадан бастаған қызметкер үшін 200 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі табыс – үлкен көмек деп есептеймін», - деді вице-министр «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ішкі істер жүйесінде 34 мың қызметкер баспанаға мұқтаж.

«Бүгінде 15,5 мың қызметкердің баспана мәселесін шештік. Тағы бір маңызды қадам – қызметкер зейнетке шыққанда баспананы өзіне қалдыруы үшін заңнамалық түзетулер әзірледік. Яғни, екінші деңгейлі банктермен үшжақты келісімшарт жасалады. Осылайша, қызметкер тұрғын үй өтемақысын жалдамалы пәтер иесіне емес, өз баспанасының несиесіне жұмсайды», - деп түсіндірді А. Калайчиди.

Бұған дейін А. Калайчиди Ішкі істер министрлігінде 1500-ге тарта басшылық лауазым штаты қысқартылғанын хабарлаған болатын.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Тұрғын үй,
Жоғары қарай