Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 378.36
EUR 411.92
RUB 5.76
CNY 53.92

Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді

2019 жылдың 25 қазан 2019 17:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Наурызбай аудандық соты судьясы пара алу күдігіне ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ішкі қауіпсіздік және ҚР Жоғарғы Сотының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып Наурызбай аудандық соты судьясының пара алу фактісінің жолын кесті.

«Судья 100 мың теңге және 1 900 АҚШ доллары көлемінде алған парасын қайтару кезінде ұсталды. Бұл ақшаны ол осыған дейін 97 млн теңге мөлшеріндегі өтемақы сомасын, метрополитен тармағының құрылысы үшін жер учаскесін алу туралы азаматтық іс бойынша шешімді қожайынның пайдасына шешкені үшін алған»,- деді ведомстваның баспасөз қызметі.

2019 жылдың 25 қазанында қылмыстық қудалаудан босатылған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас Прокурордың келісімі алынды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады.

Жоғары қарай