Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Астанадағы «ЦУМ-ның» орнына 5 қабатты кешен салынады

2019 жылдың 25 қазан 2019 17:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Орталық әмбебап дүкенінің (ЦУМ) орнына салынатын ғимараттың сызбаларын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда жеке инвестор жерасты автотұрағы бар бизнес орталығын тұрғызуға ниетті.

«Көпфункциялы кешенде сауда орталығы, тұрғын үйлер және 489 орынға арналған жерасты автотұрағы қарастырылған. Сонымен бірге, екі фонтан тостағаны орнатылып, жерасты автотұрақтан шығатын жабық колонна да салынады», - деп хабарлады астаналық басқармадан.

Сауда орталығы 5 қабаттан тұрады, оның ауданы – 51 157 шаршы метр. Әр қабатта түрлі санаттағы тамақтану нүктелері ашылады.




Одан бөлек, кешенде 5 кинозалдан тұратын кинотеатр-мультиплекс, 6 жолағы бар боулинг, балалар кешені және SPA-бөлімі бар сауықтыру орталығы жұмыс істемек.

Айта кетейік, қазіргі «Sine Tempore» сауда орталығы қалалық әкімдік ғимаратының жанында, Кенесары мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында орналасқан.




Жоғары қарай