Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Зерендіде салынып жатқан құс фабрикасы таяуда толық қуатпен жұмыс істей бастайды

2019 жылдың 24 қазан 2019 04:20

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Зеренді ауданындағы «BLIC TERMINAL» серіктестігі құс фабрикасын салу жобасы желтоқсан айында толық қуатымен жұмыс істей бастайды. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысы әкімінің тапсырмасымен «BLIC TERMINAL» компаниясының басшысы Ербол Жуаровпен келіссөз жүргіздім. Компанияның Зеренді ауданында салынып жатқан құс фабрикасы желтоқсан айында толық қуатпен жұмыс істей бастайды», деп жазды облыс әкімнің орынбасары.

Айта кетейік, құс фабрикасының қуаты жылына 2 500 тонна өнімді құрайды. Жоба бойынша құны - 1,1 миллиард теңгеге бағаланған. Алғашқы құс еті 2019 жылдың 25 тамызында шығарылды. Компания өнімі Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Қарағанды қалаларындағы базарлар мен сауда нүктелерінде сатылуда.

«Ербол Барлықұлының өндірісті одан дамыту туралы жақсы жоспарлары бар. «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ бірлесіп жылына 13 балапан шығаратын инкубаторды іске қосуды жоспарлап отыр», деп толықтырды Марат Иғалиев.

Жоғары қарай