Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

Атырауда қала күніне арналған мерекелік концертке 20 мың адам келді

2019 жылдың 6 қазан 2019 19:48

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Қала күніне арналған мекерелік концертке 20 мың адам келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.




«Біздің қала қарқынды дамып келеді. Ескі жолдар жөнделіп, жаңа жолдар мен тротуарлар салынып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Тұтас тұрғын шағын аудандары бой көтеріп келеді. Мектептер мен балабақшалар салынып жатыр. Қаламыз күннен-күнге көркейіп келе жатыр, жақында біз жаңарған орталық алаңды аштық, Жайық өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысы жалғасуда. Күн сайын жаңа нысан салынып жатыр деп айта аламыз. Осының бәрі - сіздердің еңбектеріңіздің арқасы. Мен әр отбасына амандық, бейбітшілік, құт-береке мен келісім тілеймін. Біздің мұнайлы астанамыз гүлденіп, өркендей берсін», - деді Әлимұхаммед Құттымұратұлы қала тұрғындарына.




Мерекелік шара барысында әлеуметтік және қайырымдылық жобаларының демеушілерін, сонымен қатар кәсіпкер-демеушілерді марапаттау рәсімі өтті. Әр түрлі аталымдар бойынша жеңімпаз атанғандар негізінен өздері туып-өскен Атырауын дамыту мен көркейту жолында еңбек етіп келе жатқан азаматтар. Олардың арасында «Газ строй монтаж» ЖШС басшысы Ерлан Табылдиев, волонтер Арман Қасымов, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының жетекшісі Гүлбарам Ермұханова, тағы басқалар бар. Қала күні үлкен мерекелік концертпен аяқталды. Жергілікті шығармашылық топтар, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары - Ғаділбек Жанай, Ғазизхан Шекербеков, Say Mo және Maruv жиналған қауымды өнерімен тәнті етті. Концерт соңында мерекелік отшашу болды.




Басты сөздер: Атырау облысы,
Жоғары қарай