Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Қазақстанда көрші елдерде тіркелген 900-ден астам көлік апатқа ұшыраған - ҚР ІІМ

2019 жылдың 22 қазан 2019 12:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев шетел нөмірлерімен жүрген көлік жүргізушілеріне қатысты жауапкершілікті күшейту шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетелде тіркелген көліктерге де айыппұл салынатын болады. Қазақстан Кедендік Одақтың мүшесі. Азаматтар осы жағдайды пайдаланып қалуға тырысып отыр. Яғни Ресейден, Қырғызстаннан, Беларусьтен және Армениядан автокөлік тасымалдау артты. Жыл басынан бері осы көліктерге қатысты 923 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, апат салдарынан 58 адам мерт болып, 314-і жарақат алды», - деді Ә. Кеңесбаев Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол Комитет жол ережесін өрескел бұзу жағдайларына қарсы қатаң шараларды қабылдайтынын атап өтті.

«Біз Бас прокуратурамен, кредиттік бюромен, Ұлттық банкпен көлік иелерін сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргіздік. Заңнамаға сәйкес, Қазақстанға уақытша кірген кез келген көлік құралы міндетті сақтандыруға жатады. Осы орайда сақтандыру полистері бойынша мәліметтер банкі бар, онда көлік иелері мен автомобильді басқарып жүрген азаматтардың аты-жөні тіркелген. Сонымен қатар, онда көлікке қатысты мәліметтер, яғни маркасы мен мемлекеттік нөмірі де бар. Енді көлік басқарып жүрген адамдар жол ережесін бұзса, бұл фактілер олардың мекенжайына жіберіледі», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздегі қырғыз, армян нөмірлі көлік иелеріне айыппұл салына бастайды.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Заң, ҚР ІІМ, Көлік,
Жоғары қарай