Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

СҚО-дағы көлік апатынан 6 адам зардап шекті

2019 жылдың 21 қазан 2019 19:48

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының маңында екі көлік соғылып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қазан күні «Көкшетау-Рузаевка» автожолында Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының маңында Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, «ГАЗель» автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан алты адам зардап шекті: 39 жастағы әйел және 9 жасар қыз бала бірден орталық аудандық ауруханасына жеткізілгенімен дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады. Mercedes-Benz автокөлігін басқарған Ақмола облысының 39 жастағы тұрғыны, сондай-ақ 1956 жылы туған «ГАЗель» автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді. «ГАЗель» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісіне және оның 27 жастағы жолаушысына медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Жол-көлік апаты Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бірнеше қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жоғары қарай