Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Дзюдо: Елдос Сметов Grand Slam жарысына қатысады

2019 жылдың 21 қазан 2019 21:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдос Сметов бастаған ел құрамасы Әбу-Дабиде өтетін Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, қазіргі таңда ұлттық құрама мүшелері Алматы облысында орналасқан AIBA спорт базасында жаттығуда.

Бас бапкер Айдын Смағұловтың айтуынша, әлем чемпионатынан кейін командада айтарлықтай өзгеріс жоқ.

«Бәрі де бабында, бәрінің де көңіл-күйлері жақсы. Әбу-Дабиден басқа Осакада өтетін Гран-при турниріне рейтингтегі ұпайы аздау спортшыларды апарамыз. Желтоқсан айында жылдың қорытынды жарысы – үздік 16 спортшы қатысатын Masters додасы бар. Ал 2020 жыл, Олимпиада жылы Израильдегі турнирмен басталады. Рейтингтегі ұпайымыз жаман емес, команданың басым бөлігі Токиоға жолдама алады деген сенім бар», – деді А.Смағұлов.

Сонымен, 24-26 қазан күндері Әбу-Дабиде өтетін байрақты бәсекеге Қазақстаннан 16 спортшы қатысады.

Ерлер:

Елдос Сметов

Ғұсман Қырғызбаев

Елдос Жұмақанов

Ерлан Серікжанов

Жансай Смағұлов

Дидар Хамза

Руслан Мусаев

Ислам Бозбаев

Арман Қалиев

Айбек Серікбаев

Ғалымжан Қырықбай

Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

Анна Казюлина

Севара Нишанбаева

Иоланта Бердібекова

Зере Бектасқызы.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай