Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Атыраудағы перинаталды орталықта инфекция анықталды - ДСМ

2019 жылдың 21 қазан 2019 18:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәби өлімі тіркелген Атырау облыстық перинаталды орталықта ішкі ауруханалық инфекция анықталған. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның төрағалығымен 26 адамнан тұратын комиссия 5 қазан күні жұмысқа кірісіп, жұмыстарын 18 қазанда аяқтады. Яғни, комиссия жалпы аймақтағы балалар өліміне не себеп болғанын анықтау үшін талдау жұмыстарын жүргізді. Дәл осы Атырау облыстық перинаталды орталықта тамыз-қыркүйек айларында бала өлімінің неліктен көбейіп кеткенін зерттедік», - деді Людмила Бюрабекова Парламент Сенатындағы Үкіметтік сағаттан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Комитет басшысының айтуынша, Атыраудағы сәби өлімі тіркелген облыстық перинаталды орталықтан ішкі ауруханалық инфекцияның бары анықталған.

«Ол – бактериальды ішкі ауруханалық инфекция. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша ол ауруханада комиссия-инфекциялық бақылау болуы керек болатын. Алайда ол орталықта ол комиссия сөз жүзінде ғана жұмыс істеген», - деді ол.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа туған сәбидің өліміне, сондай-ақ, жемқорлық қылмыстар бойынша күдікті Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігеріне қатысты істің мән-жайын баяндады.

Атырау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары келді. Олар облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан кету туралы өтініш жазғаны белгілі болды.

Жоғары қарай