Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Беларусь Президентінің Қазақстанға сапарының мақсаты белгілі болды

2019 жылдың 21 қазан 2019 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер мининстрілігі Беларусь Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға сапарының мақсатын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24-25 қазанда Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді. Беларусь Президентінің сапарын өткізудің негізгі мақсаты – екі мемлекет арасындағы қатынастарды қарқынды дамыту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге баса назар аудара отырып, өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша дәстүрлі достық Қазақстан-Беларусь байланыстарына қосымша серпін беру», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров

Келіссөздер барысында халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша сыртқы саяси бағыттағы өзара іс-қимыл шаралары, ингерациялық бірлестіктер мен көпжақты ұйымдардағы екі елдің қызметі, сондай-ақ Қазақстан-Беларусь ынтымақтатығын одан дамыту перспективалары талқыланады.

«Тараптар сауда-экономикалық, таранзиттік-көліктік және отын-энергетикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны, ІТ және жоғары технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің бірлескен тәсілдерін қарастырады. Келіссөздер қорытындысы бойынша, мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдап, ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды деп күтілуде. Сонымен қатар, сапар аясында Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы өтіп, оның барысында кәсіпкерлік қоғамдастықтың алдында тұрған перспективалар мен міндеттер талқыланады», - деді ресми өкіл.
Жоғары қарай