Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматыда науқасты ауруханаға алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылды

2019 жылдың 21 қазан 2019 13:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда науқасты ауруханаға алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып, фельдшер мен науқас зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Құлжа тасжолының бойында әуежайға баратын жолда болған.

Куәгерлердің айтуынша, науқасты үйінен алып кеткен жедел жәрдем көлігі оңтүстік бағытта арнайы жолақпен дабылын қосып келе жатқан. Шеңберге жеткен тұста кептелістен шығуды ойлаған Lexus GS 300 маркалы автомобильдің жүргізушісі арнайы жолақпен жүріп, жедел жәрдем көлігін соққан, соның салдарынан дәрігерлер отырған көлік аударылды.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, №4 балалар клиникалық ауруханасына фельдшер, бала және оның анасы жеткізілді. Олар жедел-жәрдем көлігімен жұқпалы аурулар ауруханасына «ЖРВИ» диагнозымен кетіп бара жатқан болатын.

«Жолаушыға жұмсақ тіндердің жарақаты, кеуде қуысының жабық жарақаты диагнозы қойылды. Ол амбулаториялық емделуге жіберілді. Фельдшердің беті сырылған, көгерген ол да амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. 9 айлық нәрестені Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына апарды, онда оны көпсалалы бригада тексеріп шықты. Балада бас сүйек ми жарақаты жоқ. Сондықтан, жедел респираторлы вирустық инфекция диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады басқармадан.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай