Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Ақмолада бір үйде екі адам ыстан уланып, көз жұмды

2019 жылдың 21 қазан 2019 11:20

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бұланды ауданында 22 жастағы келіншек пен 11 жастағы қыз бала ыстан уланып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға қазанның 19-ында кешкі сағат 18:09 шамасында Макинск қаласы Екінші станционный көшесінің қиылысындағы жеке тұрғын үйде болды.

«Аталған мекенжайға ТЖД жеке құрамынан 1 қызметкер және 1 техника, аудандық ПБ кезекші жедел тергеу тобының 4 қызметкері мен 2 техникасы барды. Оқиға орнынан 1997 жылғы О.В.Анохина мен 2008 жылғы А.С.Савельеваның денесі табылды. Анықталғандай, екеуі де пештен шыққан ыстан уланып қалған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала мәліметтер бойынша, көз жұмған келіншек үйді жалдап тұрған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Жоғары қарай