Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Теннис: Бублик Венада негізгі турнирге өте алмады

2019 жылдың 20 қазан 2019 21:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Бублик Венада негізгі турнирге өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы А.Бублик іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 93-орында тұрған босниялық Дамир Джумхурмен кездесті.

Бірінші партияда босниялық теннисші 6:3 есебімен басымдылық көрсетсе, екіншісінде А.Бублик дәл сондай есеппен есе қайырды.

Үшінші, шешуші сетте Д.Джумхур дес берген жоқ - 6:1.

Бәсеке 1 сағат 35 минутқа созылды.

Жүлде қоры 2,4 млн АҚШ долларынан асатын Вена турнирі 27 қазанда мәреге жетеді. Онда тағы бір қазақстандық, рейтингте 58-сатыдағы Михаил Кукушкин өнер көрсетеді. Ол алғашқы айналымда әлемнің 22-ракеткасы, хорватиялық Борна Чоричпен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Венада іріктеу сайысын сәтті бастағанын, ал Е.Рыбакинаның Люксембург турнирінің финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай