Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Алматыда ерікті жастар форумы өтеді

2019 жылдың 20 қазан 2019 10:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Еріктілер жылы қарсаңында «Қазақстан волонтерлары лигасы» қоғамдық қоры ауқымды «Volume Up» форумын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Студенттер сарайында өтетін шарада Алматының үздік волонтерлары марапатталып, республикалық жастар қозғалысының сайты таныстырылады.

Форумға қаладағы жоғары оқу орындарының, орта арнаулы білім мекемелерінің студенттері, сондай-ақ ата-анасымен бірге мектептердің оқушылары қатысады. Шараға жұмыс берушілер, белгілі әртістер, волонтер ұйымдарының негізін қалаушылар жиналады.

Жұмыс берушілер ерікті қызметпен айналысатын белсенділерге жұмыс ұсынып, ата-аналар сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, волонтерлар киімдерін сататын дүкен де ашылады. Шараның құрметті қонағы әнші Әли Оқапов болмақ.

Еске сала кетсек, 27 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды,

Басты сөздер: Алматы, Жастар, Волонтер,
Жоғары қарай