Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global чемпионы титулын сақтап қалды

2019 жылдың 20 қазан 2019 09:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аралас жекпе-жектен өткен Fight Nights Global 95 турнирінің басты айқасында қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (12-3) пен ресейлік Әли Багаутинов (19-6) кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айқас бес раундқа есептелген болатын. Екі елдің үздік спортшылары бес раунд бойы күш сынасты. Ақыры, төрешілердің бірыңғай шешімімен Жұмағұлов жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан файтері жеңіл салмақтағы Fight Nights Global чемпионы титулын сақтап қалды.

Десе де, төрешілермен келіспеген Багаутинов командасымен бірге шыққан шешімге қарсы апелляцияға арызданбақ.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай