Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Таразда бұған дейін жөндеу көрмеген 85 көшеге асфальт төселуде

2019 жылдың 20 қазан 2019 06:37

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Тараз қаласында 85 көше мен бұрылыстарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабындысы төселінуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жөндеу жұмыстарының басына облыс әкімі Асқар Мырзахметов сенбі күні арнайы барып, құрылыс шараларымен танысты. Аймақ басшысы алдымен қаладағы «Тайвань» алқабындағы жол салу жұмыстарын көрді.

Айта кетейік, шаһардың оңтүстік-батыс бөлігіндегі басым аумақты алып жатқан «Тайвань» алқабында барлығы 18 көше болса, оның ұзындығы 27,7 шақырымды құрайды. Мұндағы көшелерді жөндеу жұмыстарына бұрылыстарымен қоса есептегенде 481 миллион 564 мың теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда алқаптағы 18 көшенің 14 көшесіндегі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталуға жақын.

«Тараз қаласында жалпы ұзындығы – 78,022 шақырым жол жөнделуде. Ол дегеніміз, 138 көше және бұрылыстар мен тұйықтар. 85 учаскеде асфальттау жұмыстары жүргізілуде. 20 көше және 3-бұрылысқа асфальт жабындысы төселіп, аяқталуға таяу. 46 көше мен 14-бұрылысқа, сондай-ақ 2-тұйыққа асфальт жабындысын төсеуге дайындық пысықталуда»,-дейді Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев.

Жоғары қарай