Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматыда «Ұлы дала елі» Халықаралық этнофестивалі өтті

2019 жылдың 19 қазан 2019 01:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Ұлы дала елі» Халықаралық этнофестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз репертуарын Қазақстан, Иран, Түрікменстан, Башқұртстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен барлығы 20-дан астам орындаушы ұсынды.

«Бұл фестиваль дәстүрлі өнерді сақтап қалуға және дамытуға ықпал етеді. Шығармашыл адамдарды жақындастыра түсіп, жыршылық-термешілік көне өнерін насихаттайды. Бұл бағыт, әсіресе еліміздің батыс өңірінде жақсы дамыған. Онда балаларын осы өнерге 3 жастан бастап үйретеді», - деді қазақстандық қатысушы Ұлжан Байбосынова.




«Алатау» дәстүрлі өнер театрында бастау алған фестиваль биыл «Аманат» атауымен жетінші рет ұйымдастырылды. Шараға жиналғандардың қарасы көп болды. Олар орындаушыларға қызу қолдау білдіріп, мерекеге ерекше атмосфера берді.

«Тақырыбын кездейсоқ таңдағанымыз жоқ. Ата-бабаларымыз бұл өнерді аса қастерлеп, өз оқушыларына ерекше көңіл бөліп келген. Осы дәстүрді сақтай отырып, бұл жолы шәкірт пен ұстазды сахнаға бірге шығаруды жөн санадық. Бұл – өте қызықты», - деп қосты Ұлжан.







Көрермендердің алдында балалар да өнер көрсетті. Шараның соңына қарай сахнаға шыққан балалар шараның шырқау шегі болды. Еліміздің әр өңірінен келген үш жас орындаушы «Аманат» туындысын әуелетті.

Фестивальді «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Алматы қаласының Мәдениет басқармасы мен «Ел» продюсерлік компаниясы ұйымдастырды.



















Жоғары қарай