Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Оралда жол апатынан қаза тапқан адам шетелдік болып шықты

2019 жылдың 17 қазан 2019 20:36

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жол апатынан қаза тапқан адам шетелдік болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол-көлік оқиғасы бүгін түнгі сағат 02.50-де орын алды.

Өзбекстандық 1988 жылғы азамат Ю.Гагарин мен С.Датұлы көшелерінің қиылысында «Дэу Нексия» автокөлігінің руліне ие бола алмай, жолда тұрған «КамАЗ» қызметтік автокөлігімен (эвакуатор) соқтығысуға жол берген.

Полиция қызметкері айдап жүрген эвакуатор сол мезетте «ВАЗ-21150» автокөлігін тиеп жатқан (бұл көлік осының алдында 00.40-та дәл сол қиылыста «ВАЗ-2108» көлігімен түйіскен).

Жол апаты салдарынаан «Дэу Нексия» жүргізушісі оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Полиция қызметкері жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Ол арнайы техникаға секіріп мініп үлгірген, әйтпесе жеңіл көлік оны да қағып өтер еді.

Арнайы техника жарық және апатты белгілермен жұмыс жасап тұрған.

Еске сала кетейік, бұл оқиға барысында бір адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.

http://lenta.inform.kz/kz/oralda-kos-avtokolik-soktygysyp-bir-adam-koz-zhumdy_a3576270

Жоғары қарай