Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Атырауда дәрігерлер бес жасар қыздың өмірін сақтап қалды

2019 жылдың 15 қазан 2019 15:30

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда дәрігерлер өткір ревматизм қызбасымен ауырған бес жасар қыздың өміріне араша түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Анасының айтуынша, 3 күн бойы баланың қызуы көтерілген, ақырында аяғы ісіне бастаған. Бастапқы емдеу мардымсыз болғандықтан, балалар жүрек-қан тамыры аурулары бөлімінде қыздың ауруына «өткір ревматизм қызбасы» диагнозы қойылды. Науқастың өкпесіне ауа мен сұйықтың артық жиналуынан баланың өн-бойы сыздап, әлсірей бастаған, ыстығы 39 градусқа дейін көтерілген. Аяғы ісініп, бөртпелер шыға бастаған. 25 күндей ем-дом қабылдады, соның ішінде 10 күн бойы жан сақтау бөлімінде жатты», - дейді №2 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Раушан Мұқанова.

Оның айтуынша, қазір баланың жағдайы жақсы.

Авторы: А. Соколов

Басты сөздер: Атырау облысы, Медицина, Қоғам,
Жоғары қарай