Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Францияда сотталған төрт адам түрмеге апара жатқанда қашып кетті

2019 жылдың 15 қазан 2019 14:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияда сотталған төрт адам түрмеге апара жатқан жолда қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, қылмыскерлер Марсель қаласында дүйсенбі күні өздерін түрмеге әкетіп бара жатқан арнаулы фургоннан қашып шыққан.

Қолда бар деректерге қарағанда, фургонның ішіндегілер жапа-тармағай шулап, автомобильдің ішкі жағын ұрғылай бастаған. Осы сәтті пайдаланған төрт қылмыскер фургонның артқы есігін ашып, зытып отырған.

Полиция оларды іздестіріп жатыр.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай