Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Түркістанда жаңа үлгідегі бағдаршамдар орнатылуда

2019 жылдың 9 тамыз 2019 20:11

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы бері құрылыс қарқын алып, көшелер ретке келтіріліп жатыр.

Қалада «Қауіпсіз қала» жобасы бастау алғалы бергі уақытта жаңа үлгідегі бағдаршамдар орнатылып, жүргізушілер тәртіпке бой үйретіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көне шаһардағы С. Қожанов көшесінің бойында жуырда жаңадан бағдаршам және шақыру панелімен жабдықталған жаяу жүргіншілер жолы орнатылды. Тұрғындарға енді жолдың қарсы бетіне өту үшін бар болғаны бағдаршам жанындағы тақтаға алақанды тигізіп, жасыл белгіні күту керек. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ескі үлгідегі 27 бағдаршамның 15-і жаңартылған. Сондай-ақ, тағы қосымша 5 бағдаршам орнатылды.

Бүгінде орталық көшелерді белгіленбеген жерлерден кесіп өткен жаяу жүргіншілерге күн сайын 60-қа тарта хаттама толтырылуда. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы Бағдәулет Әуелбеков айтып өтті.

Оның сөзінше, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіріліп жатыр.




Басты сөздер: Түркістан облысы, Қоғам,
Жоғары қарай