Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Полиция көлігінің капотына шығып «селфи» түсірген екі жігіт қамалды – Қостанай облысы

2019 жылдың 14 қазан 2019 14:48

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудныйда полиция машинасының капотына отырып, суретке түскен екі жігіт кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь айтқандай, жас жігіттер бұзақылық әрекеті үшін 7 тәулікке қамауға алынды.

«Рудный қаласында 21 және 20 жастағы екі жас жігіт мас күйінде қоғамдық орында тұрған полиция қызметтік көлігінің капоты үстінде отырып, суретке түскен. Олар суретті әлеуметтік желілерде таратпақ болған», - дейді И.Беженарь.

Осы факті бойынша полиция қызметкерлері құқық бұзушыларға «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сот шешімімен Рудный қаласының тұрғындары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-тармағына сәйкес құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Жоғары қарай