Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қазақстандықтардың теңгемен сақтаған салымдары арта түсті

2019 жылдың 14 қазан 2019 12:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың сөзіне сенсек, Қазақстандағы депозиттерді долларландыру деңгейі 48,4 пайыздан 43,8 пайызға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Депозит көлемі тамыз айының соңында 5,5 пайызға, яғни 17,5 трлн теңгеге төмендеді. Бұл осы жылдың бірінші тоқсанында банктерді қалыпқа келтіру ісіне байланысты. Осы жылдың сәуір-тамыз айларында депозиттер өсімі 1,9 пайызды көрсетіп, 327 млрд теңгеге жетті», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Ұлттық банк төрағасының айтуына қарағанда, шетел валютасындағы салымдарды теңгеге ауыстыру жұмысы жалғасады.

«8 айда ұлттық валютадағы салымдар 3 пайызға өсті. Ал валюталық депозиттер 14,5 пайызға төмендеді. Осының нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі жыл басындағы 48,4 пайыздан 43,8 пайызға төмендеді», - деді ол.

Ерболат Досаев атап өткендей, биылғы сәуір-тамыз аралығында несие портфелі 13,2 трлн теңгеге, яғни 6 пайызға өскен.

«Бұл бағыттағы өсім жыл басынан бері 1 пайыз болды. Бұл ең алдымен жеке тұлғалардың несие портфелінің 16 пайызға, яғни 6,2 трлн теңгеге ұлғаюымен тікелей байланысты. Заңды тұлғаларға берілген несие көлемі 9,2 пайызға – 7,1 трлн теңгеге дейін төмендеді», - деді ол.

Еске сала кетсек, Ұлттық банк төрағасы бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның қаржы нарығындағы жағдай тұрақты екенін мәлім еткен болатын.

Жоғары қарай