Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Кәсіпқой бокс: Еділ Қожамбердиев IBA Asia титулын жеңіп алды

2019 жылдың 12 қазан 2019 22:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (8-2,8КО) қарсыласын жеңіп, IBA тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласында өткен «Жетісу жауынгерлері» кәсіпқой бокс кешінде Қожамбердиев әзербайжандық қарсыласы Казим Умутовты (3-1, 1КО) 3-раундта нокдаунға түсіргеннен кейін, төреші жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.

Осылайша, 8 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз бірінші ауыр салмақта IBA Asia титулын жеңіп алды.

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласында МТК Қазақстан промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен «Жетісу жауынгерлері» кәсіпқой бокс кеші өтті. Шаршы алаңда 9 жұп өнер көрсетіп, 8 қазақстандық және бір өзбекстандық боксшы жеңіске жетті.

Автор Мұхтар Қалимоллаұлы
Басты сөздер: Алматы, Бокс,
Жоғары қарай