Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Нұрсұлтан Назарбаев өзі салған суреттер көрмесін өткізбек

2019 жылдың 11 қазан 2019 22:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта немен айналысатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әйтеуір өзіммен айналысуды армандаған едім. Бірақ, болмай жатыр. Мен қабылдауымды өтінгендерді қабылдаймын. Қазір мен ешкімді шақырмаймын. Менің Конституциялық, заңдық міндетім - партиямен айналысу. Мен партияның, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қауіпсіздік Кеңесінің басшысымын. Түрлі халықаралық форумдарға шақырулардан да бас тарта алмаймын. Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі уақытта Құрметті төрағасымын. Енді Түркітілдес мемлекеттер басшылары кеңесінің Құрметті төрағасы деп те сайлады. Дүйсенбі күні Бакуде өтетін кеңесіне барамын. Мұндай форумда Қазақстанға қатысты мәселелер, оның түрлі мемлекеттермен қарым-қатынасы, сауда-саттығы де шешіледі. Келісімдерге қол қойылады. Демек, мен осы істерім арқылы халқыма, еліме жұмыс істеймін», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар Елбасы баяғыдан бергі арманымен де бөлісті.

«Ақырындап майлы боямен сурет саламын, пейзаж саламын. Музейге аяқталғаннан кейін қоямын. 30 сурет керек деп айтады. Менде қазір 30 сурет бар. Табиғатты саламын. Жауһар туынды емес шығар, бірақ, достарым, таныстар көрмеге қоюымды сұрап отыр. »Тоқтай тұрыңдар, алдымен салып бітейін. Одан кейін қоямын«, деймін. Мұнымен баяғыдан айналысқым келген еді. Бірақ оған уақыт болмады. Домбырадан бөлек гитарада ойнағым келді. Қазір осы уақытқа дейін қолым тимеген түрлі кітаптарды көп оқимын. Саяси және көркем әдеби де туындылар бар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті бос уақытында балаларына, немерелеріне көбірек көңіл бөлуге тырысатындығын да айтты.

«Президенттікіндей күнделікті қауырт тіршілігім жоқ. Жеңілдеп қалдым. Барлық істі, жұмысты бақылап отырамын. Ақылдасса, ақылымды айтамын. Ақылдаспаса, ақылымды айтпаймын. Бірақ, бірдеңе дұрыс болмай жатса, әрине бейжай отыра алмаймын»,- деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Жоғары қарай