Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Павлодарда алимент төлемеген азаматтардың қарызы 21 млн теңгеге жетті

2019 жылдың 11 қазан 2019 16:12

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында полицейлер алимент бойынша қарызы бар азаматтардың 56 көлігін айыппұл тұрағына жіберді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Биылғы тоғыз айда облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметкерлері алимент бойынша 21 миллионға жуық қарызы бар азаматтардың 56 автокөлігін айыппұл тұрағына жіберді», - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Мысалы, полиция капитаны Медет Қайырбеков балалары үшін 375 568 теңге көлемінде алимент төлемеген 43 жастағы павлодарлық азаматтың «OPEL FRONTERA» автокөлігін ұстады.

«Автокөлік Павлодар қаласының айыппұл тұрағына жіберілді. Ер адам алиментті төлегенше жаяу жүре тұрады немесе сот орындаушылары оның автокөлігін саудаға салады», - деп мәлім етті ведомстводан.

Автор: Антон Гагарин

Басты сөздер: Павлодар облысы, Қоғам, Заң,
Жоғары қарай