Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

«Ауыл – ел бесігі»: Қостанай облысының шалғай ауылына газ тартылады

2019 жылдың 11 қазан 2019 01:13

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Әулиекөл ауданының Құсмұрын елді мекеніне газ құбырын тартуға 4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Әулиекөл ауданы әкімі Ерлан Теменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан әкімінің сөзінше, құрылыс-монтаждау жұмыстары 3 жылға шақталған. Оны республикалық және облыстық бюджет қаржыландырады. Көгілдір отын игілігін құсмұрындықтар ғана емес, Чернигов ауылының тұрғындары да көрмек.

«Жобада көрсетілген үш жыл аясында мердігер компаниялар газ жеткізуші және таратушы желілерді салумен айналысады. Газ құбырын тартуға 4 млрд теңге бөлінді. Осылайша, Әулиекөл, Құсмұрын және Чернигов ауылдарын газдандыру арқылы ауданның 70% тұрғыны табиғи отынмен қамтылады. Бұдан бөлек, аудан орталығындағы 1,5 млрд теңгеге есептелген жалпы ұзындығы 123 шақырымдық газ тарату желісінің құрылысы аяқталуға жақын қалды», - деп түсіндірді Ерлан Теменов.

Айта кетейік, газдандыру жобасы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде іске аспақ.

Жоғары қарай