Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Нұр-Сұлтанда бір күнде 3 бала терезеден құлап кетті

2019 жылдың 10 қазан 2019 20:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бір күнде үш бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сағат 11.32-де Байқоңыр ауданы Күлтөбе бұрылысындағы бес қабатты үйдің үшінші қабатының терезесінен үйде қараусыз қалған бала құлап кетті. 2017 жылы туған бала қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Сол секілді сағат 12.39-да Сарыарқа ауданы Жеңіс көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы терезесінен 2015 жылы туған бала құлап, ауруханаға жеткізілді. Оның да жағдайы ауыр», - деп хабарлайды комитеттен.

Сонымен бірге, сағат 16.01-де Алматы ауданы Мүсірепов көшесінде бесінші қабаттың терезесінен үйде қараусыз қалған қыз бала құлап кеткен. 6 жасар бала ауруханада ауыр халде жатыр.

Төтенше жағдайлар комитеті мұндай қауіпті жағдайлар балалардың қараусыз қалуы салдарынан орын алатынын хабарлайды. Комитет ата-аналарды балаларын үйде жалғыз қалдырмауға шақырады.

Жоғары қарай