Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

ҚР Президенті: Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымымен ынтымақтастық орнатуға ниетті

2019 жылдың 9 қазан 2019 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының қала туризміне арналған «Ақылды қалалар, ақылды мекендер» ғаламдық саммитінің Қазақстан астанасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.

– Сіздің сапарыңыздың мәні зор деп санаймын. Дүниежүзілік туризм ұйымының Сегізінші ғаламдық саммитін өткізуге Нұр-Сұлтан қаласының кандидатурасына қолдау білдіргеніңіз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан үшін туризмді, соның ішінде экотуризмді және қала туризмін дамыту аса маңызды. Сондықтан, біз сіздің ұйымыңызбен ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз, – деді Қазақстан Президенті.




Зураб Пололикашвили Мемлекет басшысына қабылдағаны үшін алғыс айтып, жергілікті туризм индустриясын дамыту бағытында БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы Қазақстанмен өзара іс-қимылдарға ерекше мән беретінін атап көрсетті.
Жоғары қарай