Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

2020 жылдан көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

2019 жылдың 9 қазан 2019 13:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан белгілетен мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдан бастап төленеді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер де біздің ұсынымыз қолдауға ие болса, яғни тиісті заң жобасы қабылданса, 1 қаңтардан бастап осы жәрдемақыны төлеуді жоспарлап отырмыз», - деді Б. Нұрымбетов.

Министрдің сөзіне қарағанда, елімізде көпбалалы 343 мың отбасы бар. Солардың ішінде төрт балалылары 61 пайызды, бес балалылар – 27 пайыз, алты балалылар – 9 пайыз, жеті және одан көп баласы барлар 3 пайыз деңгейінде.

Бұдан бұрын хабарланғадай, көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақыны беру ұсынылған.

Сондықтан ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар көпбалалы аналарды қолдауды, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын болады. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған.

Жоғары қарай