Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Қостанай облысында уланған әйелді көршілері құтқарып қалды

2019 жылдың 8 қазан 2019 20:51

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында пешті абайсыз қолдану салдарынан 43 жастағы әйел ыстан уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға кеше Денисов ауданының Досов ауылындағы Березовый көшесінде түс мезгілінде болған.

«Жеке тұрғын үйде пеш жағу кезіндегі ұқыпсыздық салдарынан 43 жастағы әйел ысқа уланып қалды. Туыс-жақындары оны Лисаков қалалық ауруханасына жеткізді», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Түтін жайлаған бөлмеде ес-түссіз жатқан үй иесін көршілері тауып алған. Дәрігерлер оған «Ауыр улану» диагнозын қойды.

Ал жәбірленуші әйелдің інісінің айтуынша, от жақпас бұрын пештің қалпы тексерілмеген. Өйткені, үй иесі жақын күндері Рудный қаласына түбегейлі қоныс аудармақ болған.

Жоғары қарай