Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін мексикалық «Ковбоймен» өткізеді

2019 жылдың 7 қазан 2019 18:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық Садриддин Ахмедов (9-0, 8КО) келесі кездесуін 25 қазанда Канаданың Квебек қаласында өткізетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасынан хабарланғандай, жастар арасындағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы және бірінші жартылай салмақта Азияның WBC чемпионы, 21 жастағы Садриддин Ахмедов «Ковбой» лақап атты 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретемен (33-15-2, 15КО) кездеседі.

«Наваррете айқастарының көбін өз отанында өткізген. Ол кездескен қарсыластардың ішінде бірінші орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Хайме Мунгие (34-0, 27КО) мен Сауль Альварестің бауыры Рамон Альваресті (28-8-3, 16КО) атап өтуге болады. Мексикалық аталған қарсыластарымен екі рет кездесіп, көбінде жеңілген. Бір рет Рамон Альвареспен тең түскен», - делінген хабарламада.

Садриддин Ахмедовтың алдағы айқасы 10 раундқа есептелген.

Еске сала кетсек, осы жылдың маусымында Садриддин Ахмедов кәсіби мансабында тоғызыншы жекпе-жегін өткізіп, мексикалық Даниэль Вега Котаны (14-3-1, 11 КО) техникалық нокаутпен 90 секундта жеңген болатын.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай