Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Елордада көлік картасын пайдаланушылар үшін жеке кабинет қызметі іске қосылды

2019 жылдың 7 қазан 2019 15:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Аstana LRTкөлік картасын пайдаланушылар үшін жеке кабинет қызметін іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш компанияның facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Онда көлік картасының теңгерімін толтырып, оны тексеріп, сапараыңыз туралы ақпаратты алуға болады.

Ол үшін Transcard мобильді қосымшасын орнатуыңыз қажет. Қосымшаға тіркелген соң, көлік картаңызды қосуыңыз керек. Жеке кабинетті қосымша мен сайтта пайдалануға болады.

Жолаушылар пойызы бойынша детализацияны сіз сұрау берілген сәттен бастап 10 күннің ішінде ала аласыз.

Жақын арада жеке кабинетте жоғалған көлік картасын бұғаттау және теңгерімді/тарифті басқа картаға ауыстыру сияқты мүмкіндіктер пайда болады.

Басты сөздер: Көлік, Интернет, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай