Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Оралда үш автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

2019 жылдың 5 қазан 2019 22:57

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда үш автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін Трекин кенті бағытындағы Орал-Желаев жолында болды.

Жедел жәрдем сағат 16.38-де шақырылып, бригада 10 минуттан кейін жетті.

Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті. Жасы шамамен 30-35-тегі екі ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

1967 жылғы ер, 1982 жылғы әйел адам және 2011 жылғы бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша үшеуі де жабық бас-ми жарақатын алған және милары шайқалған. Бала кейін облыстық көпбейінді ауруханаға ауыстырылды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 21 жасар қыздың жетінші қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Жоғары қарай