Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Атыраулық дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған

2019 жылдың 4 қазан 2019 18:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырауда перинатальды орталықтың бірнеше қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қатысты іске қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы елордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында агенттік төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облыстық перинатальды орталықтың бірнеше лауазымды қызметкерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергелуіне ерекше тоқталып өтсем деймін. Аталған орталық басшысы өзінің бағыныштыларына сот-медициналық сараптама институты филиалының басшылығына 300 мың теңге пара бергізуге итермелеген. Осылайша, тергеу нұсқасына сәйкес, н әрестенің өліміне қатысты дәрігердің қателігі болмады деген сараптама қорытындысын алу көзделген», - деді Шыңғыс Қабдолла.

Сонымен бірге, ол жоғары лауазымын пайдаланып, демеушіліктен келген 1,5 млн теңгені өз пайдасына жаратқан.

«Дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша шетелдік іссапардың қажеттілігі үшін жеке компаниядан ақша сұралған. Компания директорынан алған қаражатты аурухана басшысы өз мақсатына жаратып, шетелде демалып келген», - деді Ш.Қабдолла.

Жоғары қарай