Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 378.36
EUR 411.92
RUB 5.76
CNY 53.92

Владимир Путин еуразиялық көлік дәлізін бірлесіп құруға шақырды

2019 жылдың 3 қазан 2019 23:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразия экономикалық одағы өзге елдермен серіктестікке ашық. Бұл жайында Сочиде өтіп жатқан «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының жылсайынғы XVI отырысында Ресей Президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азия өз орнына қайта оралып келе жатыр. Азия елдерінің барлық, әсіресе экономика саласындағы позициясының нығаюы айтарлықтай байқалады. Қазірдің өзінде өңірде әлемдік жалпы ішкі өнімнің үштен бірі қалыптасып отыр. Бүгінде жаһандық проблемаларды Азияның қатысуынсыз шешу мүмкін емес. Көп жағдайда Азия мемлекеттерінің арқасында әлем шын мәнінде көпполярлы, барынша күрделі бола түсті. Жаһанданудың, технологиялық революцияның пайдасын тиімді әрі ақылға қонымды пайдаланып, экономикалық көшбасшылардың қатарына қосылу арқылы Азия мемлекеттерінің әлемнің саясатта барынша маңызды рөлге ұмтылуы - заңдылық. Бұл - түбегейлі табиғи процесс», - деді Ресей Президенті.

Владимир Путин форум қатысушыларын бірлесе отырып, еуразиялық көлік дәлізін қалыптастыру жайын ойлануға шақырды. Сонымен қатар Ресей транзиттік бағдарларды белсенді дамытуға дайын екенін білдірді.

«Бірлескен жалпы прогрестің дәл осы ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, біз серіктестерімізбен бірге Еуразиялық экономикалық одақты құрып жатырмыз. Бұл интеграциялық бірлестік тең құқылық, прагматизм және бір-бірінің мүддесін ескеруге негізделген. Бұған қоса, біздің одақ жабық нарық емес», - деді Ресей Президенті.

Айта кетейік, «Әлемдік құрылым: Шығыстан көзқарас» тақырыбымен өтіп жатқан «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының XVI отырысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания королі Абдалла II, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және Филиппин Президенті Родриго Дутерте қатысты.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Ресей,
Жоғары қарай