Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

«Балқаш-Бурылбайтал» автожолы қайта жаңартылып жатыр

2019 жылдың 3 қазан 2019 21:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар «Балқаш-Бурылбайтал» автожолының 147 шақырымында (2005-2152 км) қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда жолшылар 3 учаске бойынша жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 15 шақырымда жер жабынының құнарлы қабаты алынып, қазу жұмыстары атқарылды. Жоба аясында темір жол өткелдері мен 10 көпірдің, 109 құбырдың құрылысы көзделген. Күре жолдың бойында демалыс алаңдары мен елді мекендердің маңында автопавильондар салынады. Қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы І-техникалық санатқа сәйкес, толық 4 жолақты жол болады», - делінген «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәліметінде.

Учаскелерде 316 маман және 204 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған. Жобаның толық аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланған.




Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Көлік, Қоғам,
Жоғары қарай