Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Мемлекет басшысы «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумына қатысты

2019 жылдың 1 қазан 2019 23:24

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения астанасында өткен «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумының жұмысна қатысты.

Мұндай форматтағы іс-шара ЕАЭО үшін жаңалық болды. Жоғары Еуразиялық экономика кеңесінің шешіміне сәйкес, мұндай форумдар төрағалық етуші тараптан әртүрлі тақырыптарда интеграциялық бірлестікке мүше-мемлекеттердің мүдделеріне сай өтіп тұратын болады.

Еревандағы форумда көлік-логистика саласын дамыту, ЕАЭО елдерінің транзиттік мүмкіндіктерін нығайту мәселелері талқыланды.

Жоғары қарай