Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

«Азбука жилья» үлескерлерінің мәселесі қалай шешіледі

2019 жылдың 1 қазан 2019 17:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Азбука жилья» компаниясы үлескерлерінің мәселесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азбука жилья» бойынша үй салушы қашып жүр (...) «Шығыс», «Жағалау» ТК сынды негізгі нысандардың әрбірімен жеке жұмыс істеп жатырмыз. «Азбука жилья» нысандарында түйткілді мәселе көп. Біріншіден – жобалық-сметалық құжаттама, екіншіден – қаржылық үлгісі жоқ. Үшіншіден – банк тарапынан жауапкершілік пен қолдау керек. Барлық мәселелер бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Барлығы бір күнде шешіліп кетпейді. Үлескерлермен де кездесеміз. Жалпы алғанда, алдымызда үлестік құрылыс мәселелерін шешу міндеті тұр. Ол үшін керекті қаражат бөлінді», - деді әкім «Nur Otan» партиясының астаналық филиалында өткен жиналыста.

Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген «Азбука жилья» компаниялар тобының иесі Ерқанат Тайжановтың мүлкі тәркіленген болатын.

Жоғары қарай