Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

ҚР Елшісі Моңғолия Президентіне сенім грамоталарын табыстады

2019 жылдың 1 қазан 2019 17:01

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаевты сенім грамоталарын табыстау үшін Моңғолияның Президенті Халтмаагийн Баттулга қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу барысында Моңғолияның Басшысы қазақ-моңғол елдері арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті», - делінген ҚР елшілігі таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек, сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік-логистикалық, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі болашақтағы өзара сапарлар талқыланды.

Кездесу соңында Х.Баттулга Елшіге Қазақстан-Моңғолия ынтымақтастығын нығайту үшін табысты жұмыс және жемісті еңбек тіледі.




Жоғары қарай