Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Ақмола облысында 6 мыңға жуық оқушы автобуспен тасымалданады

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 22:53

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған шараға мемлекеттік органдардың, жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссия, ата-аналар қауымдастығы, еңбек ұжымдары, жергілікті полиция ққызметі мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенованың айтуынша, акция барысында аудандар мен қалаларда оқушыларды тасымалдаумен айналысатын 182 автобустың (оның 142-і білім бөлімдеріне, 29-ы аудан әкімдіктеріне, 11-і өзге шаруашылық субъектілеріне) техникалық талаптарға сәйкестігін, тахографтардың бар болуы және жарамдылығы туралы мәліметтер, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамын (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы сияқты бірқатар техникалық талаптары тексерілді.




«Акция балалар мен олардың ата-аналарына және қоғам өкілдеріне балаларды тасымалдау ережесі мен қауіпсіздігін сақтауды еске салады. Жалпы, облыста мектеп оқушыларын тасымалдау мәселесі білім басқармасының жіті бақылауында», - дейді Ботакөз Дүйсенова.

Ведомство келтірген мәліметтерге қарағанда, облыстың барлық мектептерінде жол қозғалысы ережесін түсіндіру бойынша «Жарқын бол!» тақырыбында сынып сағаттары тәрізді бірқатар шаралар өткізілді.

Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылы өңірде 5945 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылып отыр. Оның ішінде 5587 бала немесе 93 пайызы күнделікті, 358 апта сайын тасымалданады. Бұған 182 автобус жұмылдырылып отыр.




Жоғары қарай