Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Шымкенттегі түрме басшылары сотталғандарға негізсіз жаза қолданған  - прокуратура

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 13:53

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі түрме басшылары сотталған 7 азаматқа негізсіз жаза қолданған. Мұндай заңбұзушылықтар кезекті прокурорлық тексерулер кезінде анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінше, түзету мекемелерінің әкімшілігі сотталғандарға заңсыз жаза қолданған.

«Тексеру барысында жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн ИЧ-167/2 мекемесінде – сотталған 2 азаматқа, ИЧ-167/4 мекемесінде - сотталған 1 азаматқа, ИЧ-167/10 мекемесінде - сотталған 1 азаматқа, ИЧ-167/11 мекемесінде – сотталған 3 азаматқа қолданылған жазалау шаралары негізсіз қабылданған. Бүгінде прокурорлық қадағалау актілері негізінде қолданылған жазалардың күштері жойылған» делінген хабарламада.

Прокурорлар, сондай-ақ, түзеу мекемелерінің басшылары сотталған азаматтарға негізсіз көтермелеу шарасы ретінде «Алғыс» жариялағанын анықтады. Бүгінде аталған шешімдерінің де күштері жойылған.

Жоғары қарай