Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Қазақстандағы АҚШ Елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 01:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильяма Мозера әнші Димаш Құдайбергенмен және оның әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы Америка елшілігінен мәлім еткендей, екі ел арасындағы өзара ықпалдастық – жылы атмосферада өткен жүздесу барысында әңгімеге арқау болған. Димаш өз кезегінде елшілікте қызмет ететін жанкүйерлеріне уақыт бөліп, әңгімелескен. Атап өтілгендей, дипмиссияда олардың саны өте көп.




«Бүгін АҚШ Елшілігі үшін қуанышты сәт болды! АҚШ пен Қазақстанның ынтымақтастығы үшін және екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығаюы үшін еңбек ететін қызметкерлердің арасында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері өте көп. Алтын уақыттарын бөліп келген Димаш пен Қанат Айтбаевқа алғысымыз шексіз!», - деді елшіліктен.

Еске салайық, биылғы 10 желтоқсанда Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Онда әнші бұған дейін елордада орындаған «Арнау» бағдарламасын ұсынады.

Концертке билеттердің сатылымы басталды.

Жоғары қарай