Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Лорд Вульфтің «АХҚО Соты: бағыт-бағдары» атты кітабы жарық көрді

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 21:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада АХҚО Сотының төрағасы Лорд Вульф өзінің «АХҚО Соты: бағыт-бағдары» атты кітабын заңгерлік және іскери орта өкілдеріне таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кітапты АХҚО Сотының және Халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза редакциялаған.

Кітапта 2018 жылы АХҚО Сотының ашылуы баяндалады, сонымен қатар оның коммерциялық дауларды шешу үшін Англия және Уэльс жалпы құқығының процессуалдық қағидаттары мен нормаларына негізделген Қазақстандағы алғашқы сот ретінде құрылуының маңыздылығы аталып өтіледі. Кітапта АХҚО Сотын құру үдерісі сипатталған және Еуразияның инвестициялық хабы ретінде келешектегі бағытын анықтайды. Кітап үш тілде: ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде шығарылды.

Ол хронологиялық тәртіпте құрылған және екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы 2015 жылы жария еткен бастамасынан кейін АХҚО Сотының құрылуынан бастап, 2018 жылы ресми ашылуына дейінгі кезең қарастырылады. Екінші бөлімінде ол АХҚО Сотының халықаралық мақсатын сипаттаған. Кітапқа сонымен қатар АХҚО Сотының процестері мен процедураларын қамтамасыз ететін АХҚО Сотының 2017 жылғы регламенті мен АХҚО Сотының 2018 жылғы қағидалары енгізілген.





Лорд Вульф АХҚО Соты жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті және оның жетістіктерін түсіндіріп берді. Қонақтарға кітап автордың қолтаңбасымен берлді.

«Бұл кітапта АХҚО Сотының қалай жұмыс істейтіндігі, оның юрисдикциясының қандай екендігі және оны құру үдерісінің қалай өткендігі туралы өте бірізді және ұғымды түсініктеме берілген. Сонымен, «АХҚО Соты: бүгіні мен келешегі» кітабы сотты, оның мәні мен миссиясын ұғыну үшін ұсынылады», деді М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің провосты Мирас Дәуленов.





«Англия мен Уэльстен беделді және тәжірибелі соттары бар АХҚО Соты – бұл сот төрелігі мен әділдікті, тұрақты даму мен бейтараптықты қорғауды жетілдіру үшін жасалған фундаменталды қадам», - деді «Signum» заңгерлік фирмасының басқарушы әріптесі София Жылқайдарова.

Бұл кітап АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы таяудағы жылдары жариялауды жоспарлап отырған кітаптар сериясының алғашқысы болып табылады.





Жоғары қарай