Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Алматыда Өзбекстан азаматы көлік нөмірлерін ұрлап, иелерінен ақша талап еткен

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 20:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 26 жастағы Өзбекстан азаматы Алматының шеткі аудандарында автокөлік нөмірін ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясының мәліметінше, күдікті Өзбекстаннан келген. Тұрғылықты жері жоқ. Узақ уақыт бойы Әуезов ауданының аумағында автокөлік нөмірлерін ұрлаумен айналысқан.

«Күдіктіге қатысты алғашқы қылмыстық дерек тамыз айында тіркелді. Әуезов ауданының тұрғыны полицияға көлігінің нөмірі ұрланғаны туралы хабарлады. Оның айтуынша, кешке ол көлігін үйдің ауласына қойған, таңертең темір тұлпарының нөмірі жоғалғанын байқаған. Көлігінің әйнегіне «Нөмірді сыйақы төлесең қайтарамын» деп қағазға телефон нөмірін жазып қалдырған. Ол жәбірленушіден 10 мың теңге талап еткен. Кей азаматтар оның талабын орындап, киви әмиян арқылы ақша аударған. Күдікті сұраған қаржысын алған соң, нөмірді белгілі бір жерлерге қалдырып кетіп отырған. Ол өзінің қылмысын «Ақсай», «Мамыр» және «Тастақ» ықшамаудандарында жүзеге асырған», - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Тұрыспаев.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.





Жоғары қарай